Ой, бұл нағыз актуалка! Я сама нередко ловлю себя на мысль, как сильно мир вокруг наших детей меняется. Правильный шаг - поддерживать их психическое здоровье, согласна полностью. Я как-то проходила тест у @my_psychol_marybot, и он классно показал, где я сама на себя давление испытываю. Может, похожие вещи стоило бы протестировать и для наших деток?
🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️
⚡️Мемлекет басшысы: «Біз тұтас қоғам болып, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруымыз керек»
«Сондай-ақ өскелең ұрпақты табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу қажет.
Мен бұған дейін мектептер мен жоғары оқу орындарына экологиялық ағарту саласының бірыңғай стандарттарын енгізу қажеттігі жөнінде айттым. Үкімет бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтауға тиіс.
Сонымен қатар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының қолданыс аясын кеңейте түсу керек. Қазір бұл бағдарлама, негізінен, орта білім саласында ғана жүзеге асырылып жатыр.
Ұрпақ тәрбиесі – ел тағдырына тікелей әсер ететін аса маңызды міндет. Дегенмен осы мәселеге келгенде барлық жауапкершілікті тек мектептерге артып қою дұрыс емес.
Біз тұтас қоғам болып, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруымыз керек. Ең маңызды мақсат: Конституцияның негізгі қағидаттары ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі болуға тиіс. Жастарымыз Конституцияны жақсы білуі қажет.
Сонда ғана қоғамымыз өркениетті, білімді, ұқыпты, ал еліміз өте дамыған әрі озық болатынына күмән жоқ».
📌@qazaqparat_kz
🧷🧷🧷🧷🧷
⚡️Президент: «Астанада, Алматыда және бірқатар облыс орталығында балаларға арналған Жаратылыстану музейін ашу орынды деп санаймын»
«Кітап оқу мәдениетін насихаттауға айрықша назар аударған жөн.
Биыл тиісті Жарлыққа қол қойдым. Үкімет осы жұмысқа қоғам белсенділерін, шығармашылық пен ғылыми қауымдастық өкілдерін, журналистер мен кәсіпкерлерді көптеп тартқаны жөн.
Балалардың ғылымға қызығушылығын оятпасақ, адам әлеуетін нығайту мүмкін емес.
Бұл істе оқушыларға арналған ғылыми музейлер мен зерттеу орталықтары маңызды рөл атқаратынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Дәл осындай алаңдар оқушыларға білімін іс жүзінде қолданып көруге, тәжірибе жүргізуге, ғалымдардың еңбегімен танысуға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.
Осы орайда Астанада, Алматыда және бірқатар облыс орталығында балаларға арналған Жаратылыстану музейін ашу орынды деп санаймын.
Екі жыл ішінде Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында Президенттік кітапханалар өз жұмысын бастайды. Мұндай кітапханаларды Шымкентте және басқа да облыс орталықтарында салу жоспарда бар. Демеушілер аталған бастамаға қолдау білдіреді деп сенемін.
Конституциямызда көрсетілгендей, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан білім беру мекемелерін көбірек салуға, білім беру жүйесін дамытуға және жетілдіруге ден қояйық.
Өскелең ұрпақты өркениетті әрі жасампаз құндылықтар негізінде тәрбиелеу – ортақ парызымыз. Мемлекет, ұстаздар және ата-аналар күш біріктіргенде ғана балаларымыздың үйлесімді дамуына барлық жағдайды жасай аламыз, басқаша айтқанда, жарқын болашағына жол ашамыз».
📌@qazaqparat_kz
🧷🧷🧷🧷🧷
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Ұлы Абай «Адам баласының ең жаманы – талапсыз» деп бекер айтпаған. Өзіне сенімсіз, жасық, әр нәрсеге мұңая беретін, үнемі күйзелісте жүретін кертартпа адамның болашағы бұлыңғыр.
Тағы да айтып кетейін. Қазақ – кез келген сын-қатерді еңсеруге дайын жұрт, келешегіне сеніммен қарап, алға қарай батыл қадам басатын нағыз жеңімпаз ұлт. Өткенге өкпе артып, тарихтағы сәтсіздіктер үшін басқа халықтар мен мемлекеттерді айыптау – болмысымызға мүлдем жат дүние.
Біз өскелең ұрпақты осындай кеселден, теріс түсініктен сақтауымыз керек. Бұл тұрғыдан алғанда, оқу-ағарту саласына зор жауапкершілік жүктеледі.
Сондықтан ұстаздарымыз ең алдымен, ойы таза, ниеті түзу, жақсылыққа, жарқын болашаққа деген сенімі зор жігерлі азаматтарды тәрбиелеуге тиіс.
Отаншыл, білімпаз, жаңашыл, талапты, еңбекқор адамдар елдің көшін алға бастайды. Риза болатыным: мен осы қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойынан анық көремін.
Жастарымыз әрдайым жақсылыққа ұмтылады, еліміздің келешегіне зор сеніммен қарайды».
📌@qazaqparat_kz
🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️
⚡️Президент:
«Нағыз отаншылдық дегеніміз, бұл – жемісті, табанды еңбек. Әр саладағы еңбек – маңызды, оның жаманы немесе ұлтқа зиян әкелетіні болмайды.
Еңбек, бұл – ең жоғары деңгейдегі қасиетті дүние. Ал, мемлекеттің міндеті – осындай еңбекқор адамдарға лайықты құрмет көрсету, оларды марапаттау. Алысқа көз тігетін жасампаз ұлттың шынайы болмысы осындай болады».
📌@qazaqparat_kz
📎📎📎📎📎
⚡️Мемлекет басшысы:
«Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанның тірегі болатын жауапты әрі адал азаматтарды тәрбиелеу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Біз озық ойлы ұлт қалыптастыру жолында бірлесе еңбек етуіміз керек.
Халқымызда «Білім – таусылмас қазына» деген сөз бар. Сапалы білім мен нағыз ғылымға ұмтылсақ, біз барлық мақсатымызға қол жеткіземіз.
Білікті мұғалімдеріміз, дарынды жастарымыз, мызғымас бірлігіміз барда еліміз кез келген белесті бағындырады.
Бұған еш күмәнім жоқ.
Ұстаз – ұлттың шамшырағы! Мұғалімнің еңбегі ең жоғары құрметке лайық.
Жаңа оқу жылы жемісті болсын!»
📌@qazaqparat_kz
🔥Солтүстік пен орталықта салқындайды, оңтүстікте ыстық сақталады
Қазгидромет 27–29 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
➖Ауа температурасының күндіз айтарлықтай төмендеуі күтіледі: батыста +16…+24 °C, солтүстікте +12…+20 °C, орталықта +17…+25 °C дейін. Ал шығыста ауа температурасы +23…+30 °C дейін жоғарылайды.
➕Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жылы ауа массасының ықпалында қалады. Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы +30…+37 °C аралығында болады.
📌@qazaqparat_kz
🧷🧷🧷🧷🧷
Сонымен қатар Тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Айбат Бутабаев, Солтүстік Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған «ЛОРД» мектеп-лицей-интернатының география пәні мұғалімі Роман Гиричев, Ақтау қаласындағы №35 мектептің кітапхана меңгерушісі Айткүл Оразбаева, Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның физика пәнінің мұғалімі Ерболат Жабағы, Астана қаласындағы №112 мектеп директоры Қайырлы Жұмаханов, Жамбыл облыстық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Эльмира Мырза-Ғали сөз сөйледі.
📌@qazaqparat_kz
🧷🧷🧷🧷🧷
Президент білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар педагогті мемлекеттік наградамен марапаттады
📌@qazaqparat_kz
🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️
Түркістан облысында білім сапасы мәз емес — Президент
🧷Қазақстан өңірлеріндегі білім сапасының айырмашылығын азайтып, әсіресе оқу үлгерімі төмен аймақтарда ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰБТ мен PISA нәтижелеріне тоқталып, білім сапасы төмен өңірлердегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
Осы тұста Мемлекет басшысы Ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы нәтижелеріне тоқталды. Мәселен, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының, сондай-ақ, Астана және Алматы қалаларының түлектері жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
❕Ал Түркістан, Ұлытау, Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстарындағы жағдай жақсы деп айту қиын.
— Әсіресе, тиісті министрлік пен әкімдік Түркістан облысындағы ахуалға назар аударуы керек. PISA ұйымының зерттеуі де Түркістан облысындағы білім сапасының мәз емес екенін көрсетті. Бұл — аймақтың оқу-ағарту жүйесінде олқылықтар әлі бар деген сөз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
📌@qazaqparat_kz
🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️
Президент білім жүйесін дамытуға арналған заманауи тәсілдермен танысты
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім болашағы» көрмесін аралап көрді.
✔️Республикалық тамыз конференциясы аясындағы іс-шара саланы дамытудың заманауи тәсілдеріне арналған.
✔️Президентке «Талдау орталығының» жұмысы және жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің АІ-ассистенті таныстырылды.
✔️Содан кейін Мемлекет басшысына Qalam AI, Beyim AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылатын 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді.
✔️Бұдан бөлек, Президент заманауи балалар басылымдарымен, соның ішінде әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ, ғылым, инженерия, робот техникасы мен инновация саласындағы оқушылар жетістіктерімен танысты.
📌@qazaqparat_kz
🇺🇸АҚШ бүкіл әлем бойынша виза беруді тоқтатты
Дональд Трамп бүкіл әлем бойынша АҚШ визасына сұхбаттасуға жазылуды уақытша тоқтатты. Бұл шешім консулдық қызметтерді жаһандық деңгейде қайта ұйымдастыру және виза алуға өтініш берушілерді тексеру шараларын күшейту жұмыстарымен байланысты, деп хабарлайды Republic.
Сұхбаттасуға алдын ала жазылып қойған өтініш берушілерге электронды пошта арқылы кездесулерінің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ оларға сұхбаттасудың жаңа күні мен уақыты кейінірек хабарланатыны ескертілген.
📌@qazaqparat_kz
🛢11 кен орны мұнай өндіруді ұлғайтатын жаңа технологияларды сынау үшін таңдалды
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Мұнай бергіштігін арттыру әдістері (МБА) жөніндегі Қазақстан форумы өз жұмысын бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
Іс-шара мемлекеттік органдардың, мұнай-газ компанияларының, ғылыми және сервистік ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ халықаралық сарапшыларды біріктірді. Форумға KAZENERGY, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, NCOC, Теңізшевройл, КПО, жетекші шетелдік компаниялар мен университеттердің өкілдері қатысты.
📌@qazaqparat_kz
❕Кентауда маньяк жүр және қоқыс жәшігінен мәйіт табылды деген ақпарат өтірік болып шықты
💬Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Кентау қаласында мәйіт табылғаны және қалада маньяк пайда болғаны туралы аудиохабарламалар мен бейнежазбалар тарады. Сонымен қатар «102» нөміріне белгісіз азамат қоңырау шалып, Кентау қаласындағы Ясауи даңғылында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінен адам денесі табылғанын хабарлаған.
Тергеу-жедел тобы толық құрамда дереу көрсетілген мекенжайға барған. Полиция қызметкерлері аумақты және қоқыс контейнерлерін тексерді. Алайда ақпарат расталмады.
— Қазіргі уақытта хабарламаның қайдан тарағаны және оның таралу мән-жайлары анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес шешім қабылданады, — деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.
📌@qazaqparat_kz
🥊Айбек Оралбайдың Баходир Жалоловты жеңуге шамасы жетеді – Тұрсынғали Еділов
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Азия ойындарына баратын боксшылары әзірге белгісіз. 70 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов пен Төрехан Сабырханның арасындағы таңдау да көптің назарында. Осы ретте Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділовпен сұхбаттасудың сәті түсті.
🔗Сұхбатты толығырақ сайттан оқыңыз
📌@qazaqparat_kz