Аудио
pfTF5WXPfzVU6dSEQ3UB+d9zhpogQ3XY.m4a · 3.6 MB · click to show
pfTF5WXPfzVU6dSEQ3UB+d9zhpogQ3XY.m4a · 3.6 MB · click to show
Сен кеттің уақыттың қолынан ұстап
Мен елге сыймағаннан кетпедім түсін,
Жерге сыймағаннан өлмейді адам.
Шерге сыймағаннан жазамын құсым.
Жанға қимағанмен келмейді шамам.
Кейде ақын дейді бәз біреу сырттан.
Іштен кім екенім ұқпаймын өзім.
Сені сүйгенімді жасырып жұрттан,
Елге жариялаймын не үшін өзім?
Сезім - жас жанымды сергелдең етіп,
Ойлар аспанымды қаптайды сұрақ.
Сені Ләйләдан да артық көргенмен,
Менен, Мажнүн шықпайды - ау бірақ.
Ескі естелікті татсамда у - дай,
Кетуге қимаймын жай ғана тастап.
Мен қалдым өткеннің от ернін өбіп,
Сен кеттің уақыттың қолынан ұстап.
Мұңмен алысумен жанды тырнаған,
Сені жырға қостым ширек ғасырда.
Енді басалмаймын алға бір қадам,
Уақыт та қайтпайды артына сірә.
Мен жайлы сен енді уақыттан сұра...
Мейрамбек Абдіқалиев
650 ·