12 June 2026
13 June 2026
Майра АлихановнаИсторияға қоятын сөздер екен
Үстінен басып 3 точканы басасыз және сохранитті басасыз болды
15 June 2026
Аудио
pfTF5WXPfzVU6dSEQ3UB+d9zhpogQ3XY.m4a · 3.6 MB · click to show
pfTF5WXPfzVU6dSEQ3UB+d9zhpogQ3XY.m4a · 3.6 MB · click to show
Сен кеттің уақыттың қолынан ұстап
Мен елге сыймағаннан кетпедім түсін,
Жерге сыймағаннан өлмейді адам.
Шерге сыймағаннан жазамын құсым.
Жанға қимағанмен келмейді шамам.
Кейде ақын дейді бәз біреу сырттан.
Іштен кім екенім ұқпаймын өзім.
Сені сүйгенімді жасырып жұрттан,
Елге жариялаймын не үшін өзім?
Сезім - жас жанымды сергелдең етіп,
Ойлар аспанымды қаптайды сұрақ.
Сені Ләйләдан да артық көргенмен,
Менен, Мажнүн шықпайды - ау бірақ.
Ескі естелікті татсамда у - дай,
Кетуге қимаймын жай ғана тастап.
Мен қалдым өткеннің от ернін өбіп,
Сен кеттің уақыттың қолынан ұстап.
Мұңмен алысумен жанды тырнаған,
Сені жырға қостым ширек ғасырда.
Енді басалмаймын алға бір қадам,
Уақыт та қайтпайды артына сірә.
Мен жайлы сен енді уақыттан сұра...
Мейрамбек Абдіқалиев
650 · 17 June 2026
id 1146491551Сен кеттің уақыттың қолынан ұстап
Мен елге сыймағаннан кетпедім түсін,
Жерге сыймағаннан өлмейді адам.
Шерге сыймағаннан жазамын құсым.
Жанға қимағанмен келмейді шамам.
Кейде ақын дейді бәз біреу сырттан.
Іштен кім екенім ұқпаймын өзім.
Сені сүйгенімді жасырып жұрттан,
Елге жариялаймын не үшін өзі
Мен жайлы сен енді уақыттан сұра... 💘😍
19 June 2026
20 June 2026
23 June 2026
Фотография
click to show
click to show
Сен неге именесің?
Сүймедің бе айт та қой сүймегесін.
Ал менің жырларымда тұтана алмай,
Түйдек - түйдек түтейді күйген есім.
Сен неге жасқанасың?
Бұрыл да кет бір қадам баспағасын.
Тек елесің шықпай жүр жүрегімнен,
Ғәріптей қимай жүрген баспанасын.
Саған не қарсы шыққан?
Мен де кеттім, бас алып қашып құттан.
Сендел мейлі ғасырдан ғасыр асып,
Пенде өлмейді білерім - ғашықтықтан.
Күрсінсем, жанады дем,
Сезім - соқыр болғанда, сана - керең.
Көп бұрылмай сәулем ай кете берші.
Мен, мен - жалғыз қала берем.
Қай қырдан пана іздесін,
Қайғырған қара өлең...
Мейраибек Абдіқалиев
361 · id 1146491551Сен неге именесің?
Сүймедің бе айт та қой сүймегесін.
Ал менің жырларымда тұтана алмай,
Түйдек - түйдек түтейді күйген есім.
Сен неге жасқанасың?
Бұрыл да кет бір қадам баспағасын.
Тек елесің шықпай жүр жүрегімнен,
Ғәріптей қимай жүрген баспанасын.
Саған не қарсы шыққан?
Мен де кеттім, бас алып қа
Тек елесің шықпай жүр жүрегімнен,
Ғәріптей қимай жүрген баспанасын.
🫠💘❤️🔥
Жүрекке жетіп жатыр өлеңдеріңіз❤️🩹
id 1146491551Сен неге именесің?
Сүймедің бе айт та қой сүймегесін.
Ал менің жырларымда тұтана алмай,
Түйдек - түйдек түтейді күйген есім.
Сен неге жасқанасың?
Бұрыл да кет бір қадам баспағасын.
Тек елесің шықпай жүр жүрегімнен,
Ғәріптей қимай жүрген баспанасын.
Саған не қарсы шыққан?
Мен де кеттім, бас алып қа
Елес болды, бір бейнең көз алдым да,
Қарап тұрдым, қолым жетпей мұз болдым ба ?
Сен жатасың өзгенің құшағында,
Ал мен болсам қала бердім, қойшы ауылда.
Құдайберген_пендесі.
24 June 2026
Қар жауғанда келме жарым із қалар,
Ізді көріп ел арасы сөз.
Ақ жібекті қасыл киім кеймесек,
Қазірінше ақ-сүтбенен бөз болар.
Қаз жауғанда келме жарым із қалар.
Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл - жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
t.me/qudaibergen_pendesi_8
Телеграм +998904211698
Т.м. уатсап +998336019816
Құдайберген Кантарбаев.
28 June 2026
29 June 2026
4 July 2026
Фотография
click to show
click to show
Көшіріп жүрмін қағазға маңдайға тағдыр жазғанын
Күңкілдей көрме күнім ай
Көңілдей нәзік сырбазға
Ең жақынымды айтпай ақ
Мені ақын дейтін жан аз ба
Мен өлең жазып жүргем жоқ
Араша жаным аразға
Көшіріп келем маңдайға
Тағдыр жазғанын қағазға
Кештерден кешіп үн қатпай
Тілдесіп жүрмін түндермен
Күн кешіп жүрем тайғақта ай
Маңдайға жазған өлеңмен
Сен келдің сонау жыр әнге
Тақырып болып күтпеген
Қарадым күліп әлемге
Кездейсоқ келер құт деген
Біздік жол болсын дер едім
Шаттықты шарлап бітпеген
Кездессек екен біз бұрын
Осы өлеңдегі нүктеден
Ойыңда айтшы бүкпесіз
Жырымдай осы үтірсіз және нүктесіз
Мейрамбек Абдіқалиев
427 · 9 July 2026
11 July 2026
Аудио
wmup1h49k8dzmymckusk.m4a · 2.7 MB · click to show
wmup1h49k8dzmymckusk.m4a · 2.7 MB · click to show
Тілек
Сен маған кезіккеніңнен,
Сезікті едім мен бәрінен.
Мұңымды сезіп пе едің Сен,
Жүректің дүрсіл әнінен?
Тағдырым бақытын бізден,
Аяп қаларын - жарығым.
Сездік ә "ҚОШ" деген сөзбен,
Аяқталарын бәрінің...
Біз бәрін басынан біліп,
Ғажайып күттік ғайыптан.
Амалсыз жасығанда үміт,
Ақтадық жанды айыптан.
Көңілде қалады белгі,
Дей алман толық айықтым.
Сен мүлде мұңаймашы енді.
Ең жақсысына лайықтым!
Мен сені сүйгенім үшін,
Күйбеңім үшін жасырын.
Күйгенім үшін, жүрекке
Түйгенім үшін асылым.
Тосқаным үшін тағатсыз,
Қосқаны үшін ғасыр үн.
Шамам келгені осы жыр:
Тек аман жүрші ғашығым!
Мейрамбек Абдіқалиев
209 · 16 July 2026
Аудио
Meirambek Bespayev Kazagym (Terme).m4a · 2.9 MB · click to show
Meirambek Bespayev Kazagym (Terme).m4a · 2.9 MB · click to show
Түсімде бір үн маған:
"Ежелден тасқа жазғанмын, баста жазғанмын өлеңді.
Дұшпанға досқа жазғанмын дастан жазғанмын көлемді.
Жұлып ап темірқазықты, құсжолын кере тоқтадым.
Жетіқарақшыны күзетіп жеті қазынамды қорғадым.
Бабадан мұра даламда болашақ жайлы ойладым.
Тоғыз планетаны уыстап тоғызқұмалақ ойнадым.
Қолдасын мейлі қорласын еш бірі қалмас мәңгілік,
Мұң - қайғы болса қорғасын мен оны тептіп ләңгі қып.
Еркектік тағы ақындық сыйлағанымен еркелік,
Өмірдей үлкен көкпарға тастады тағдыр серке ғып.
Алты құрлықты айналып Өр - Тұран болып тұрағым,
Әуелден алып айбарлы "Алты алаш" болды ұраным.
Солай да солай өлмейтін бабамның күйі - әні мен.
Ұрандап жеттім бұл күнге тұлпардың тұяғы менен.
Мен үшін мықты болмасаң, сен үшін ұялып өлем!" - деді.
Мейрамбек Абдіқалиев
140 · 17 July 2026
18 July 2026
Өзі солай болады. Оған ренжу керек емес. Бәрі жерде солайғой. Жәй байқамаймыз. Әртіс, клоунын батырым деп, аза тутқан халық, шын батыры шет елде өлгенін де ескермеді. Мухтарларды айтам. Пастернакта отанында хорланып, шетке кетіп Нобель алды емеспе?! Қара халықтан шыққан бірінші орыс жазушысы Горкий неге Италияда жасады? Бәрі жерде солай.
19 July 2026