Фотография
click to show
click to show
Сен неге именесің?
Сүймедің бе айт та қой сүймегесін.
Ал менің жырларымда тұтана алмай,
Түйдек - түйдек түтейді күйген есім.
Сен неге жасқанасың?
Бұрыл да кет бір қадам баспағасын.
Тек елесің шықпай жүр жүрегімнен,
Ғәріптей қимай жүрген баспанасын.
Саған не қарсы шыққан?
Мен де кеттім, бас алып қашып құттан.
Сендел мейлі ғасырдан ғасыр асып,
Пенде өлмейді білерім - ғашықтықтан.
Күрсінсем, жанады дем,
Сезім - соқыр болғанда, сана - керең.
Көп бұрылмай сәулем ай кете берші.
Мен, мен - жалғыз қала берем.
Қай қырдан пана іздесін,
Қайғырған қара өлең...
Мейраибек Абдіқалиев
361 ·