ChatCrawlersearch across public Telegram Open the app
П

Поэзия Пікір Ұсыныс

сообщение · 2026-07-11 16:36 UTC
I
Аудио
wmup1h49k8dzmymckusk.m4a · 2.7 MB · click to show
Тілек Сен маған кезіккеніңнен, Сезікті едім мен бәрінен. Мұңымды сезіп пе едің Сен, Жүректің дүрсіл әнінен? Тағдырым бақытын бізден, Аяп қаларын - жарығым. Сездік ә "ҚОШ" деген сөзбен, Аяқталарын бәрінің... Біз бәрін басынан біліп, Ғажайып күттік ғайыптан. Амалсыз жасығанда үміт, Ақтадық жанды айыптан. Көңілде қалады белгі, Дей алман толық айықтым. Сен мүлде мұңаймашы енді. Ең жақсысына лайықтым! Мен сені сүйгенім үшін, Күйбеңім үшін жасырын. Күйгенім үшін, жүрекке Түйгенім үшін асылым. Тосқаным үшін тағатсыз, Қосқаны үшін ғасыр үн. Шамам келгені осы жыр: Тек аман жүрші ғашығым! Мейрамбек Абдіқалиев
209 ·

Вся лента · оригинал в Telegram

Open in Telegram Каталог площадок Искать в ChatCrawler

A snapshot of an open public feed from the search index ChatCrawler — “Google for public Telegram”; refreshed as the venue is crawled. Times are UTC.

Public content only, official Telegram API. About · FAQ · What we do not do · Remove a page · Catalog