Аудио
dyeabhzq2z0rfozbeueb.m4a · 3.1 MB · click to show
dyeabhzq2z0rfozbeueb.m4a · 3.1 MB · click to show
***
Бұл күнде жаман да көп надан да көп,
Ойлаймын кей дөкейді шаман ба деп.
Көкейлер қалт кетпейтін салт жасаған,
Ал адамдар жамандап заманды әлек.
Жыр күтіп сенен бөлек менен бөлек,
Ұлы елім ұлдарына елең деп ед.
Ленин деп Сталин деп атаң кеткен,
Ал артыңда шүлдірлеп балаң келед.
Құбылаға көз тігіп құла таңнан,
Хабар алам жырымен ұлы атамнан.
Қалада қаңғырып жүр қайран қадір,
Далада қалып қойған дара талғам.
Десекте жүре берем жорта берем,
Өз дегенін жасайды орта деген.
Жазып - жазып тастағым келеді де,
Өлеңнің обалынан қорқа берем.
Қорқа берем.
Мейрамбек Абдіқалиев
438 ·